Алматыда тұрғын үйге салынған қосалқы кеңейтілім сот шешімімен бұзылып жатыр

Заңсыз құрылыс ғимараты бұзылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2023 15:21 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда сот шешімімен тұрғын үйдің кеңейтімі бұзылып жатыр. Бұл туралы Zakon.kz сайтына 11 сәуірде қала құрылысын бақылау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, Мәуленов көшесіндегі 96\77 үйге екі қабатты қосалқы кеңейтілім рұқсатсыз салынған.


"Бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасының тексеріс қорытындысы бойынша құрылыс белгіленген тәртіпте сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттамасыз, сәулет-техникалық қадағалауды тартусыз, құрылыстың басталуы туралы хабарламасыз шаруашылық әдіспен жүргізілгені анықталған болатын." Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасы

Алмалы аудандық соты әкімшіліктің талаптарын қанағаттандырды. 11 сәуірде сот орындаушыларының қатысуымен кеңейтілімді бұзу жұмыстары басталды.



Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: