Армения премьер-министрі, ФИФА президенті: Тоқаев Давоста кімдермен кездесті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі 2026 жылғы 22 қаңтарда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения президенті Ваагн Хачатурянмен, премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Дональд Трамптың бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойғанын хабарлаған едік.
АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесін құру туралы бастамасына қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript