Алматы полициясы Instagram-дағы алаяқтыққа қатысты ескерту жасады
Фото: pexels
Құқық қорғау органдары анықтағандай, күдіктінің Instagram әлеуметтік желісінде "біркүндік" парақшалар ашып, әйелдер киімін сататыны жөнінде жалған хабарландырулар жариялағаны анықталды.
Ол әлеуетті сатып алушылардан алдын ала төлем аударуды сұрап, қаражат түскеннен кейін байланысқа шықпай, аккаунттарды бұғаттап, хат-хабарларды өшіріп отырған.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, оған қатысты тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Сондай-ақ оның осыған ұқсас басқа да интернет-алаяқтық фактілеріне қатысы бары тексерілуде.
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың айтуынша, мұндай интернет-алаяқтық схемалар әлі де кең таралған.
"Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жалған интернет-дүкендердің көрінісін жасайды. Осы орайда тұрғындарды онлайн-сатып алу кезінде барынша сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және сатушыларды алдын ала тексеруге шақырамыз", – деді ол.
Полиция интернет-алаяқтық белгілері анықталған жағдайда азаматтарды дереу ішкі істер органдарына жүгінуге шақырады.