Астананың сол жағалауындағы элиталы тұрғын үй кешені подъезінің ішін мұз басты - видео

Мұз, Астана, На Водной-зеленом бульваре, элиталы, тұрғын үй кешені, мұзды үңгір, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 21:22 Сурет: Instagram/aidar_kk
Желіде елордалық "На Водной-зеленом бульваре" тұрғын үй кешенінің подъезінде түсірілген видео тарауда. Кадрлардан подъезд іші мұз қатқан үңгірге айналғанын көруге болады: қабырғалар, баспалдақ, оның ұстағышына су аққан күйде мұз болып қатып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төбеден де аққан сулар мұзға айналған. Аталған жайтқа байланысты Zakon.kz сайтына "Астана-Жылутранзит" АҚ түсініктеме берді.

"На Водно-Зелёном бульваре" тұрғын үй кешені (Қонаев көшесі, 12) бойынша ғимаратты жылумен жабдықтау штаттық режимде жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 24 қаңтарда 4-ші подъездің 12-қабатында баспалдақ алаңындағы жылу радиаторынан сұйықтық ағып қалғаны анықталды. Осыған байланысты баспалдақ алаңын жылыту радиаторларды ауыстырғанға дейін уақытша тоқтатылды. Бұған баспалдақ алаңындағы жылу жүйесінің сыртқы есіктердің ашық қалдыру салдарынан қатып қалуы түрткі болды (8-ден 14-қабатқа дейін)", - деді компаниядан.

Компаниядағылар үйішілік инженерлік желілер кондоминиум объектісін басқару органының (ОСИ/ПИК) жауапкершілік аймағына жататынын атап өтті.

"Астана-Теплотранзит" АҚ тарапынан жылумен жабдықтау қызметінде іркілістер тіркелген жоқ.  ПИК аудан әкімдігімен бірлесіп орын алған олқылықты жоюмен айналысуда", - дейді компания.

Бұған дейін Астанада бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары 28 қаңтарда қашықтан оқыту форматына ауыстырылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: