Ақтөбелік дәрігер науқасты қағаз жүзінде "өлтіріп" қойған
Фото: пресс-служба акимата Алматы
"Диапазон" басылымының жазуынша, қате тек бес күннен кейін түзетілген, бірақ Ақтөбе тұрғыны оның салдарын бүгінгі күнге дейін тартып отыр.
Сондықтан ол емханаға қарсы сотқа арыз түсіріп, 1 миллион теңге моральдық шығын төлеуді талап етті. Ол қате жазбаның салдарынан емханада дәрі-дәрмек ала алмай қалғанын, несие мен салық төлемдерін орындай алмай қалғанын, сондай-ақ бұл жағдай ұзақ уақыт эмоционалды қиындық тудырғанын айтты.
Емхана өкілі сотта арызды мойындаудан бас тартып, қатені түзеткендерін және моральдық зиян келтірілмегенін айтты. Дәрігер де автоматтандырылған базада техникалық ақау болғанын, оны дереу бас дәрігерге хабарлағанын және мәселені шешкенін түсіндірді.
Алайда сот анықтағандай, өлім туралы жазба шынымен де арыз берушіге қиындықтар туғызуы мүмкін және оның өзіне де, жақындарына да моральдық ауыртпалық әкелуі ықтимал.
Нәтижесінде сот арызды ішінара қанағаттандырды. Емхана науқасқа моральдық шығын үшін 200 мың теңге төлеуге міндеттелді.
Бұған дейін қостанайлық тұрғын көлігіне құлаған ағаш үшін әкімдіктен бірнеше миллион теңге өндіріп алғанын жазғанбыз.