Ішкі істер министрлігінде Құқық қорғау қызметін бақылау комитеті құрылды

Полиция, полицейский, полицейские, сотрудники полиции, сотрудник полиции, правоохранительные органы, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.02.2026 10:28 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері реттелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта келесідей жазылған:

"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде Құқық қорғау қызметін бақылау комитетін құру" – деп көрсетілген.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы күзет қызметі (Астана қаласы)" мемлекеттік мекемесі жойылды.

Құқық қорғау қызметін бақылау комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласын басқаратын уәкілетті орган болып анықталды және осы саладағы мемлекеттік мекемелерге жетекшілік етеді.

Осылайша, Ішкі істер министрлігінің құрамына енген ведомстволар:

  • ҚР Ұлттық гвардиясының Бас қолбасшылығы;
  • Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті;
  • Әкімшілік полиция комитеті;
  • Миграциялық қызмет комитеті;
  • Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті;
  • Профилактикалық жұмыстарды үйлестіру комитеті;
  • Құқық қорғау қызметін бақылау комитеті.

Құқық қорғау қызметін бақылау комитеті уәкілетті орган болып табылатын мемлекеттік мекемелер тізіміне Қазақстанның барлық өңірлеріндегі 19 арнайы күзет қызметі басқармасы енгізілген, соның ішінде:

Құқық қорғау қызметін бақылау комитетінің құрамындағы дипломатиялық өкілдіктерді қорғау бойынша арнайы күзет қызметі басқармасы;

Құқық қорғау қызметін бақылау комитетінің құрамындағы үкіметтік мекемелерді қорғау бойынша арнайы күзет қызметі басқармасы.

Сонымен қатар, комитет қызметкерлерінің мына санаты тұрғын үй төлемдерін алуға құқылы:

  • кезекші бөлімнің басшысы (бөлімшесі);
  • кезекші бөлімнің аға инспекторы;
  • кезекші бөлімнің инспекторы;
  • кезекші бөлімнің полицей-жүргізушісі;
  • арнайы және кәсіби дайындық бөлімінің басшысы (бөлімшесі);
  • арнайы және кәсіби дайындық бөлімінің арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы;
  • арнайы және кәсіби дайындық бөлімінің аға инспекторы;
  • арнайы және кәсіби дайындық бөлімінің инспекторы.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: