Астана мен Алматыда қылмыстық топ мүшелері ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Астана мен Алматы қалаларында бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған қылмыстық қауымдастық мүшелерін ұстады.
Күдіктілерге адам ұрлау, бопсалау және бөтеннің мүлкін қасақана жою фактілері бойынша айып тағылған.
Алматыдағы эпизодтардың бірінде қылмыскерлер жергілікті тұрғынды ұрлап, күш қолдана отырып, одан 12 млн теңге талап еткен. Сонымен қатар, бизнес өкілдеріне қысым көрсету және қорқыту мақсатында автокөліктерді өртеу фактілері тіркелді.
Жедел іс-шаралар барысында 20-дан астам тінту жүргізіліп, ірі көлемдегі ақша, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алты күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жедел-тергеу іс-шаралары әлі де жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript