Қызылордада арнайы операция кезінде аса қауіпті қылмыскерлер ұсталды
Сурет: ҚР ІІМ
Полицейлер бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деп күдікке ілінген 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Арнайы операция барысында полиция органдарына 10 күдікті жеткізілді, олар күзет қызметінде өздері ықпалын жүргізетін аумақтарды бөліске салу үшін бірнеше рет қылмыстық қақтығыстарға қатысқан, деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі. Күдіктілер Қызылордадағы ойын-сауық орындарында әдейі жанжал туғызып, сол орындардың иелерін өздерінің қамқорлығын қабылдауға мәжбүр еткен.
"Қылмыстық топтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға, соның ішінде кісі өлтіруге оқталу, ауыр дене жарақаттары мен бұзақылық жасауға қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар олар әлеуметтік желілерде қоғамдық орындарда атыс қаруын қолданатын бейнероликтерді бірнеше рет жариялап, өздерінің шамадан тыс еркінсіп кеткенін көрсетті".ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полицейлер 20-дан астам тінту шарасын жүргізіп, оқ-дәрілер, суық қару және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіледі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript