Бас прокурордың жаңа орынбасары тағайындалды

Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2026 09:00 Сурет: gov.kz
2026 жылдың 5 қаңтарында мемлекет басшысының өкімімен ҚР Бас прокурорының орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", – деп жазылған ақпаратта.

Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов – 1976 жылы дүниеге келген, Қазақ мемлекеттік заң университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Мансап

Еңбек жолын 1997 жылы Алматы облысы прокуратурасының жанындағы прокуратура, сот органдарының құқықтық статистика және ақпарат орталығының талдау жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымынан бастады.

Кейіннен Алматы облысы прокуратурасының Қапшағай қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры, аға прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, Алматы табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Алматы облысы Қарасай ауданы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы Целионград, Егіндікөл аудандарының прокуроры лауазымдарын атқарды, Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры, Алматы қаласы бойынша Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратында Бас Прокурордың аға көмекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған.

2022 жылдың мамырынан бастап – Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры, 2022 жылдың қыркүйегінен бастап – Астана қаласының прокуроры.

Сыныптық шені – 3 сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

2 ақпан 2026 жылы Мемлекет басшысы Әсет Ирғалиевті Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: