Air Astana Таяу Шығысқа қатынайтын барлық рейстің тоқтатылғанын хабарлады

Air Astana, Таяу Шығыс, Иран, шабуыл, рейстер, тоқтатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 14:08 Сурет: unsplash
Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығысқа қатысты 28 ақпандағы барлық рейстердің тоқтатылғанын хабарлады. Ал ұшып кеткен ұшақтар ұшып шыққан әуежайларға оралады немесе Таяу Шығыс аймағына жетпей қонатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

28 ақпанда Иранның әуе кеңістігінің жабылуына және аймақтағы тұрақсыз жағдайға байланысты мынадай өзгерістер болды:

  • KC263 Алматы - Медина, KC897 Алматы - Дубай, KC653 Алматы - Доха, KC205 және КС207 Астана - Дубай рейстері ұшып кету әуежайларына қайтып оралады.
  • KC899 Алматы-Дубай рейсі- Делиге,
  • FlyArystan FS7617 Ақтау-Дубай рейсі қосалқы әуеайлаққа ұшты.

28 ақпанда Таяу Шығысқа орындалатын рейстер тоқтатылды.


"Air Astana компаниялар тобы жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды тасымалдау мәселелерін шешуде. Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшып шығу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде. Сатып алу орны бойынша Жидда, Медина және Дубайға билеттерді 6 наурызды қоса алғанға дейін тегін қайта брондауға және қайтаруға рұқсат етіледі", делінген хабарламада.

2026 жылдың 28 ақпанында Иранда жарылыстар болды. Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац әуе соққылары "Израильге төнген қатерлерді жоюға" бағытталғанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: