Air Astana Ирандағы жағдайға байланысты жолаушыларға үндеу жасады

Аэропорт в Алматы, аэропорт Алматы, Алматинский аэропорт, Авиакомпания Air Astana, Эйр Астана, самолет, самолеты, Авиакомпания FlyArystan, Флай Арыстан, самолет, самолеты, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2026 09:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
15 қаңтар күні Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігі жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің бағыты өзгеретінін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарм-эш-Шейх, Дубай, Доха және Мәдина бағыттарына ұшатын рейстер Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп орындалады.

Компания жағдайды жіті бақылап отырғанын атап өтті. Жолаушылардан рейстерінің күйін тексеріп отыру сұралады, себебі ұшып шығу және межелі әуежайға қону уақыттарында өзгерістер болуы мүмкін.

Мәліметтерді нақтылау үшін брондау және ақпарат орталығына мына телефондар арқылы хабарласуға болады:

  • +7 (727) 244 44 77
  • +7 702 702 44 77

Ал рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы кезінде хабарласуға арналған байланыс нөмірлері:

  • +7 (727) 244 44 78
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74

Сонымен қатар, 15 қаңтарға Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланғанына назар аудару қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: