Өскемен әуежайының басшылығы ірі көлемдегі ұрлық үшін жазаланды

Атқарушы директор мен жабдықтау бөлімінің бастығы жазаланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 11:58 Сурет: Zakon.kz/Кира Мороз
Өңірлік орталықта қала әуежайының жоғары лауазымды менеджерлеріне қатысты үкім шығарылды. Әуежайдың 100% акциясы мемлекетке тиесілі. Оларға мемлекеттік кәсіпорыннан 140 млн теңгеден астам қаржы ұрлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қылмыстық қудалау аясында әуежай президенті, атқарушы директор және жабдықтау бөлімінің бастығы болды.

Тергеу мәліметтері бойынша, схема бес жыл бойы – 2018 жылдан 2023 жылға дейін – жұмыс істеген. Кәсіпорын басшылығы азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттар (ГПХ) жасасып, сыртқы ұйымдарға төленетін қызмет ақысын әдейі өсірген. Құжаттардағы сомалар мен нақты төлем арасындағы айырманы іс бойынша фигуранттар өздері меншіктеген.


"Айыпталушылар өз кінәсін толық мойындамаса да, сот жинақталған дәлелдерді айып тағуға жеткілікті деп санады", – деді Өскемен қаласының қылмыстық істер бойынша ауданаралық соты.

Нәтижесінде "Өскемен әуежайы" АҚ президенті аса ірі көлемде иемдену және жымқыру, сондай-ақ қызметтік өкілеттіліктерді мүддеге қарсы пайдалану бойынша кінәлі деп танылды. Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Атқарушы директор иемдену және жымқыру арқылы ұрлық жасау бойынша кінәлі деп танылды. Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру және 10 жылға белгілі лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот жеңілдететін жағдай ретінде кәмелетке толмаған баланың бар екенін ескеріп, жазаны оның 14 жасқа толуына дейін орындауды кейінге қалдырды.

Материалды-техникалық жабдықтау бөлімінің бастығына 2 жылға шектеулі еркіндік жазасы тағайындалды. Алайда Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты қабылданған "Амнистия туралы" заң негізінде мерзімі жартылай қысқартылды. Сонымен қатар, оған 3 жыл бойы белгілі қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Сот "Өскемен әуежайы" АҚ-ның азаматтық талабын толық көлемде қанағаттандырды. Айыпталушылар кәсіпорынға келтірілген залалды толық өтейуге міндеттелді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2025 жылғы шілдеде Zakon.kz хабарлағандай, "Өскемен әуежайы" АҚ басшылығына қатысты тергеу аяқталған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің (АФМ) мәліметі бойынша, оларға қызметтік өкілеттіліктерді теріс пайдалану, аса ірі көлемде сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау және ақша легализациясы бойынша айып тағылған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: