Алматы метросындағы ұрлық - айыпталушылар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

Алматы метросындағы ұрлық - айыпталушылар 7 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.06.2024 13:14 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотымен оңтүстік астанадағы метро құрылысы кезінде 5 миллиард теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталған 10 адамға қатысты үкім шығарылды.

Қылмысқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді көлік прокуратурасы жүргізді.

"Сот талқылауы барысында айыптау жағы сотталушылардың "Метрополитен" КМК, "Алматыметроқұрылыс" АҚ, "Автоматтандыру және технологиялар қызметі" ЖШС басшылары бола отырып, адамдар тобымен, 2018 жылдың маусымынан 2020 жылдың тамызына дейінгі кезеңде "Сарыарқа" және "Достық" станцияларын салу барысында қаржылық алаяқтықпен, оның ішінде жабдықтың құнын арттырып (іс жүзінде 10 есе), тұрақты түрде ірі көлемдегі ақшаларды жалған фирмалар арқылы шығарғанын дәлелдеді." Бас көлік прокуратурасы

Сотталғандар мемлекеттік және қаржы ұйымдарында жұмыс істеу құқығынан айырыла отырып, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды (негізгі фигуранттар 7 жылдан 8 жылға дейін). Сонымен қатар, сот 1 млрд теңгеден астам сомаға тыйым салынған мүлікті тәркілеуді қолданып, мемлекетке келтірілген шығынды өндірді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: