"ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды

ҚазАвтоЖолдың бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 15:20 Сурет: "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ
2024 жылғы 18 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарманың бұрынғы төрағасы Асқар Мұратула мен ЖШС директорына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соттың мәліметінше, олар бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, қызмет бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін жымқырды деп айыпталған.

Сот айыпталушылардың бір-бірін 2000 жылдардан бері білетінін анықтады.

"Мұратұлы 2017-2019 жылдары Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2019-2021 жылдары облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарып, Жақсы-Есіл-Бұзулық тас жолдардағы, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірдегі проблемалардан хабардар болды. Ал 2019 жылы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды", — делінген сот хабарламасында.

Сол жылы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Ақмола филиалы мен екінші жауапкер ұсынатын "Асыл-ЖАС" ЖШС арасында аталған көпірді жөндеуге 2,2 млрд теңгеге сатып алу шарты жасалған. Сот ақшаның мердігерге аударылмағанын анықтады.

2021 жылдың сәуірінде Мұратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

"2021 жылдың 16 маусымында тапсырыс берушінің бастамасы бойынша келісім-шарт бұзылып, "Асыл-ЖАС" ЖШС-нің өкілі болып табылатын мердігер 2021 жылдың шілде-тамыз айларында оның іс-әрекетін сотта дауламаған Ж.-ның (екінші жауапкер – ред.) және мүдделі тұлғалардың "Асыл-ЖАС" ЖШС-мен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасу мәселесіне бастамашылық жасаған. Мұндай кездесуді өткізуге негіз болған жоқ. Ж.-дан жазбаша өтініш түскен жоқ", — деп жалғастырды сот.

2021 жылғы 20 қазанда М. "Асыл-ЖАС" ЖШС директоры Ж. "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-на бұрын бұзылған 2019 жылғы шарт бойынша АҚ-ның оның компаниясының алдындағы берешегі бойынша сот талаптарын қояды деген сылтаумен Есіл өзені арқылы көпір салумен 80-82 км. "Жақсы-Есіл-Бузулук" Р-13 Республикалық маңызы бар автомобиль жолын күрделі жөндеу бойынша 2,2 млрд. теңгеден астам сомаға "Dike" және "Асыл-ЖАС" ЖШС консорциумымен бір көзден сатып алуды жүзеге асыру туралы заңсыз бұйрық шығарған.

Бұл ретте соттардың 21.01.2020 жылғы "Асыл-ЖАС" ЖШС-не қатысты және 07.10.2021 жылғы "Dike" ЖШС-не қатысты шешімдерімен тиісінше кредиторлық берешегі 264 миллион теңгеден және 685 миллион теңгеден асатын оңалту рәсімдері қолданылды.

Осылайша, консорциум мүшелері қаржылық тұрақсыз компаниялар болып, оларда шарттың орындалуын қамтамасыз етудің нақты мүмкіндігі болмады.

2021 жылғы 21 қазанда М. шығарған бұйрық негізінде Ақмола филиалы Ж. тұлғасындағы "Dike" және "Асыл-ЖАС" ЖШС консорциумымен шарт жасасты.

2021 жылғы 28 желтоқсанда шарт шеңберінде "Асыл-ЖАС" ЖШС есептік шотына 200 млн. теңге сомасында аванс аударылып, М. және Ж. оларды ұрлап, талан-таражға салған.

Мемлекетке келтірілген залал өтелмеген.

Сотталушылар кінәні мойындамай, оларды ақтауды сұрады.

Сот Мұратуланы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Екінші айыпталушы да мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтер атқаруға тыйым салумен 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленуші "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ азаматтық талап қоюы қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: