Шымкентте 400 баллон азот тотығы тәркіленді

Шымкентте "күлдіретін газ" сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленді,, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2026 15:05 Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте "күлдіретін газ" сатумен айналысқан 10 мекеме иесі жауапқа тартылып, 400-ден астам баллон азот тотығы тәркіленді.

Шымкент қаласының полиция департаменті азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін заттардың заңсыз айналымына тосқауыл қою мақсатында жүйелі шаралар қабылдауда.

Жыл басынан бері қала аумағында "күлдіретін газ" атауымен танымал азот тотығын сатумен айналысқан 10 ойын-сауық орны анықталып, олардың заңсыз қызметі тоқтатылды.

Барлығы 417 баллон тәркіленіп, адам ағзасына күшті әсер ететін заттар заңсыз айналымнан алынды.

Анықталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: