Оралда полиция кассадан ақша ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, задержание, арест, наручники, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.03.2026 10:36 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Оралдағы дүкендерінің бірінен кассадағы ақшаның ұрланғаны бойынша арыз түсті.

Күдікті ақшаның ашық жерде тұрғанын пайдаланып, үлкен сомадағы ақшаны ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.

Ол дүкенде тағылымдамадан өтіп жатқан азамат болып шықты. Оның заңсыз әрекеттері бейнебақылау камераларына тіркелген. Ұрланған қаражаттың жалпы сомасы 190 мың теңгені құрады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция жұмыс берушілерге қызметкерлерді жұмысқа қабылдауда мұқият тексеру қажеттігін, ақшаның қолжетімділігін бақылауда ұстау керегін ескертеді. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін бейнебақылау жүйелерін пайдалану қажет.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: