БҚО-да жеке тұрғын үйдің еденінің астынан 16 жылан табылған

БҚО-да жеке тұрғын үйдің еденінің астынан 16 жылан табылған , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2026 20:24 Сурет: pixabay
Батыс Қазақстан облысында жеке үйдің еденінің астынан 16 жылан шықты. Үй иесі оларды өз бетінше ұстаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мой город басылымының жазуынша, оқиға Ақжайық ауылында болған. Жеке үйлердің бірінде еденнің астынан жыландар шыға бастаған.

Өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар келгенге дейін үй иесі 16 жыланды өз бетінше ұстады. Үйде алты адам тұрады, олардың төртеуі – балалар.

Мамандар еденді ашып, ішінен тағы да жорғалаушылар бар-жоғын тексеруді ұсынған, дегенмен үй иесі рұқсат бермеген.

Жергілікті әкімдік отбасыға уақытша баспана берді. Жыландардың нақты түрін анықтау мүмкін болмаған.

Бұған дейін Петропавлда ер адамның көпшіліктің көзінше өз-өзіне қол салғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: