Қарағандыда қызметтік иттің көмегімен "синтетиканың" ірі партиясы тәркіленді
Сурет: ҚР ІІМ
Қарағандыда болған оқиға соның айқын дәлелі. Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен кәсіби іс-әрекеті, сондай-ақ төрт иісшіл иттің көмегімен есірткі тасымалдаушы ұсталды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің кинологиялық орталығының қатысуымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген жоспарлы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында қала көшелерінің бірінде жаяу жүргінші тоқтатылды.
Мұндай операцияларда кинологиялық бөлімшенің рөлі ерекше. Тыйым салынған заттарды анықтауға арнайы дайындықтан өткен қызметтік ит есірткі иісін сезіп, бірден белгі берді. Бұл полиция қызметкерлерінің назарын аударып, тексеру жүргізуге негіз болды.
Иттің жанында болған кинолог әйелге жақындап, тоқтатудың себебі мен жүргізілетін тексеру тәртібін сыпайы әрі нақты түсіндірді. Тексеру барысында күдікті өзінде болған тыйым салынған затты ерікті түрде тапсырды.
Оның жанынан скотчпен мұқият оралған бір брикет және жасырын байланыс үшін пайдаланылуы мүмкін онға жуық SIM-карта табылды. Сараптама нәтижесінде брикеттің құрамында жалпы салмағы 40 грамм болатын A-PVP психотроптық заты бар екені анықталды.
Мұндай көлемдегі зат алдын ала мәлімет бойынша заңсыз айналымға жіберу мақсатында дайындалған ірі партия ретінде бағалануда. Аталған дерек бойынша ұсталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті қамауға алынды.