Алматыда Санжар Бокаев ұсталды

Санжар Бокаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 13:23 Сурет: Instagram/sanzhar_bokayev
2026 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Санжар Бокаевтың ұсталғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Бұл туралы қадағалаушы органның баспасөз қызметі өзінің Telegram арнасында хабарлама жариялады.

Бүгін, қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жүргізу аясында Алматы қаласының аумағында ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен Бокаев Санжар ұсталды.

Бас прокуратураның мәліметінше Бокаев Санжар жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді.

"Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген." ҚР Бас прокуратурасы

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.

"Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды." ҚР Бас прокуратурасы

Бұған дейін ІІМ Қазақстанның 11 облысында тұлғалардың ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: