Ибраһим келісімдері, Таяу Шығыстағы ахуал: Тоқаев Израиль президентімен телефон арқылы не туралы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Мемлекетінің Президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.03.2026 14:11 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 18 наурызда Израиль мемлекетінің президенті Ицхак Герцогпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда мәліметінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Израиль президенті Мемлекет басшысын жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылдануымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен келешектегі даму перспективасын, әсіресе, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Ицхак Герцог Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық мемлекет ұзақмерзімді экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруы үшін бейбітшілік қажет деген пікірімен келісетінін жеткізді.

Өз кезегінде, Қазақстан президенті халықаралық даулы мәселелердің саяси шешімін ұдайы іздестіру керек деп санайтындығын жеткізген.

"Израиль президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, бұл Таяу Шығыста бейбітшілік орнату мәселесіне стратегиялық тұрғыдан қараудың үлгісі болмақ".Ақорда

Бұған дейін мемлекет басшысының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевті қабылдағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: