Ақтөбеде өндіріс жарақатынан төсекке таңылған жігіт мардымды көмек алмаған

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.03.2026 12:17 Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде өндіріс жарақатын алған 21 жастағы жігіт төсекке таңылды. Туыстары жұмыс істеген мекемесінен "еш көмек жоқ" деп ашынады. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Ақтөбеде 21 жастағы Дилхан Аймағамбетов өндірістегі жазатайым оқиғадан кейін жарты жылдан бері қозғала алмай жатыр. Ол теміржол жөндеу компаниясында монтер болып жұмыс істеген.

КТК дерегіне сүйенсек, оқиға өткен жылдың қазан айында болған. Жігіттің айтуынша, оны қауіпсіздік талаптарынсыз ауыр жұмысқа жіберген. Темірбетон шпалдарын түсіру кезінде бірнеше тонна жүк құлап, оны бетон қабырғаға қысып қалған. Жақындарының айтуынша, оқиға орнында жедел жәрдем шақырылмаған, оны ауруханаға таксимен жеткізген. Дәрігерлер оған жамбас сүйектерінің көп жерден сынуы және басқа да ауыр жарақаттар диагнозын қойған. Ота жасалғанымен, әзірге ол өздігінен қозғала алмайды. Қалпына келуіне нақты болжам жоқ.

Қазір отбасы жұмыс берушіні жауапкершілікке тартуды талап етіп отыр. Еңбек инспекциясы істі қайта тексеретінін мәлімдеді. Ал компания тарапынан көрсетілген көмек – мардымсыз. Тек арнайы төсек пен 150 мың теңге берілген. Дилхамға алда тағы күрделі ота қажет. Ол үшін Астанаға баруға квота алынған. Алайда барлық шығынды отбасы көтеріп отыр. Сонымен қатар ол әлі күнге дейін мүгедектікті рәсімдей алмадық деп ашынады.

"Астанада біз жоғары сәтте отырған комиттегі мамандар тексеріп, өз бағасын береді. сол бағасын берген кезде осы кемшіліктерін анықтап, бізге осында тағы да тексеріс жүргізіп, жаңадан баға береді деген шешім қабылданды". Талғат Исқарин, Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

Бұған дейін Қарағандыда әйелдің үстіне бағана құлап, көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: