"Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызындағы қанды қылмыс: істің мән-жайы жарияланды
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе облысында "Ақтөбе – Алматы" жолаушылар пойызында болған кісі өлтіру дерегі бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы бүгін, 27 наурызда Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 2025 жылдың қазан айында қызметтік іссапар кезінде болған. Мейрамхана-вагонында үш әріптес алкогольдік ішімдік ішіп, артынан екі ер адамның арасында жанжал туындаған.
"Вагон тамбурында жолаушылардың бірі өз әріптесіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды". Бас көлік прокуратурасы
Сот сотталушыны ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Үкім заңды күшіне енді.
Ведомство аталған оқиға алкогольдің қайғылы әрі орны толмас салдарға әкеп соқтыратынын тағы да дәлелдеп отырғанын атап өтті.
Бұған дейін Қарағандыда 38 жастағы әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі күйінде табылғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript