Талдықорғанда жігіттер арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.03.2026 10:41 Фото: unsplash
Талдықорғанда жас жігіттердің жанжалы қанды қырғынмен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа сәйкес, "Арафат" кафесінің маңында жігіттер арасында жанжал туып, сол сәтте біреуі екіншісін пышақтап өлтірген.

Жетісу облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала деректерге сәйкес, 30 наурыз күні кешкі уақытта бұрын таныс екі адам арасында дау туып, төбелеске ұласты. Сол кезде зардап шеккен адам пышақ жарақатын алып, оқиға орнында қайтыс болды. Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен", – делінген полиция хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, 30 наурызда Алматы облысында да жаппай төбелес болып, полицияға қару қолдануға тура келген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: