ШҚО-да ауыл тұрғындарынан заңсыз қару жиынтығы тәркіленді
Фото: Zakon.kz
Тексеру барысында екі жергілікті тұрғынның заң талаптарын саналы түрде елемей, үйлерінде тіркелмеген қару сақтағандары белгілі болды.
Тәртіп бұзушылардың бірінен "Стражник" ұңғысыз тапаншасы мен оған арналған 10 патрон табылды. Екінші тұрғын бұдан да ірі арсенал сақтаған: одан "Стражник" тапаншасы, "ТОЗ-63" тегіс ұңғылы мылтығы және "МР-654К"мпневматикалық тапаншасын тапқан.
Сонымен қатар иелерінің ешқайсысы заңнамада қарастырылған рұқсат құжаттарын ұсына алмаған. Бұл қару айналымының белгіленген нормалары мен ережелерін тікелей бұзу болып табылады. Барлық қару-жарақ жиынтықтары тәркіленіп алынды.
Аталған тұлғаларға қатысты процестік ықпал ету шаралары қабылданып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қаруды заңсыз сақтау — жай ғана ресмилік емес, жауапкершілікке әкеп соқтыратын саналы түрдегі заң бұзушылық екенін ескертеді.
Қандай түрі болса да, рұқсатсыз сақталған кез келген қару қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.