Алматыда полицияның бұрынғы тергеушісі қылмысты жасырғаны үшін сотталды

Зал суда, суд, молоток судьи, судья, приговор, судебный процесс, зачитывание приговора, судебная система, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.04.2026 15:29 Фото: Zakon.kz
Арнайы прокурорлар Алматы қаласы Наурызбай ауданы Полиция басқармасының бұрынғы тергеушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

2026 жылдың 1 сәуірінде  Алматы қаласының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сай, тергеу барысында тергеуші 14 қылмыстың жасалғаны туралы мәліметтер қолында бола отырып, оларды тіркеуді қасақана жасырып, қылмыстық құқық бұзушылықтарды есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны анықталды.

Жүргізілген кешенді тергеу әрекеттері айыпталушының құқыққа қарсы әрекетін растады.

Күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 433-бабы 2-бөлігімен сараланды.

Сот үкімімен бұрынғы тергеуші кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте 3 жыл мерзімге қызмет атқаруға тыйым сала отырып, 2 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Сондай-ақ сотталған "полиция лейтенанты" арнаулы атағынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: