Ақмола облысында 2 млрд теңге көлемінде заңсыз несие рәсімдеген ҰҚТ-ның жолы кесілді

Несие, Ақмола облысы, ұйымдасқан қылмыстық топ, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2026 17:29 Сурет: Zakon.kz
Биыл Ақмола облысының мамандандырылған прокурорлары аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деп айыпталған ұйымдасқан қылмыстық топтың 21 мүшесіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында қылмыстық топ мүшелерінің азаматтардың жеке деректерін заңсыз пайдаланып, алдау жолымен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан заңсыз несие рәсімдегені анықталды.

Олардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан келтірілген жалпы материалдық залал шамамен 2 млрд теңгені құрады.

Ақмола облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 тамыздағы үкімімен барлық 21 сотталушы кінәлі деп танылып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

"Сонымен қатар, қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді. Оның ішінде Алматы қаласында орналасқан пәтерлер, сондай-ақ Lexus LX 570, Toyota Land Cruiser 200, Toyota Camry маркалы автокөліктер және өзге де қымбат бағалы көлік құралдары бар".Ақмола облысының прокуратурасы

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қазақстан біртіндеп цифрлық төлемдер еліне айналып келе жатқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: