Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім іздестірілуде

Қазақстанда 13 жастағы жасөспірім іздестірілуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.04.2026 11:13 Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Қазақстан Ішкі істер министрлігі Қарағанды облысында жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, Абай қаласында 2012 жылы туған Рыс Бибарыс Бекнұрұлы 1 сәуір күні үйінен шығып, қайта оралмаған.

Жасөспірімнің белгілері:

  • жасы – 13-те;
  • бойы – шамамен 150–155 см;
  • дене бітімі – орташа;
  • 7-сынып оқушысы.

Жоғалған кезде ол қара түсті күртеше, қызғылт сары футболка, қара шалбар киген. Аяғындағы аяқ киімі – жасыл түсті болған.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды хабарласуға шақырады.

Байланыс нөмірлері:

  • 8-707-444-07-74,
  • 8-705-311-78-53 немесе "102" арнасы.

Полицияның атап өтуінше, кез келген ақпарат маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылдың наурыз айында Астанада жоғалған 15 жастағы жасөспірім Шымкент қаласынан табылып, жақындарына табысталған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: