Қарағанды облысында бұрынғы банк қызметкері зейнеткерлерді алдады деген күдікке ілінді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2026 15:27 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысының Осакаров ауданында зейнеткерлерге қатысты жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікті анықталды.

Полицияға 67 жастағы зейнеткер әйел жүгініп, белгісіз тұлға оның атына шамамен 1,5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдегенін хабарлаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде осы іске қатысы бар 36 жастағы бұрынғы банк менеджері анықталды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, жәбірленуші бұған дейін банкке несие рәсімдеу үшін жүгініп, қажетті құжаттарын тапсырған.

Күдікті сол деректерді пайдаланып, оның атына несие рәсімдеген, алайда әйелге несие мақұлданбағаны туралы жалған ақпарат берген. Ал мақұлданған қаражатты өз шоттарына аударып жіберген.

"Қазіргі уақытта барлық жәбірленушілердің егде жастағы азаматтар екені анықталды. Сонымен қатар полицияға күдіктінің әрекеттеріне байланысты тағы алты арыз түскен. Келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылануда", — деп атап өтті Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: