Мешіттегі қайырымдылық қаржысын жымқырған күдікті қолға түсті
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақмола облысында мешіттегі қайырымдылық қаржысын жымқырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ІІМ мәліметінше, оқиға биылғы наурыз айында облыс аумағындағы ауылдардың бірінде тіркелген. Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, белгісіз адам мешіт ғимаратына жасырын кіріп, адамдардың жоқ сәтін пайдаланған. Қаскөй арнайы құралдың көмегімен садақа жәшігін бұзып, ондағы ақшаны иемденіп кеткен. Нәтижесінде 800 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.
"Жүргізілген кешенді іс-шаралардың нәтижесінде күдікті елорда аумағында ұсталды. Ол – бұған дейін де ұрлық деректері бойынша жауапкершілікке тартылған 40 жастағы азамат екені белгілі болды",- делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар оның өзге өңірлерде жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бұған дейін Ақтөбеде прашюті ашылмай қаза тапқан курсанттың өліміне жауаптылар сотталғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript