Алматыда бірден 3 автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгереді
Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында бірден үш қоғамдық көліктің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұған Оңғарсынова көшесінің бір бөлігінде жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары себеп болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 13 сәуірде Алматы Көлік холдингінің Telegram – каналынан белгілі болды:
"Оңғарсынова көшесінің Ақберен көшесінен Қожабеков көшесіне дейінгі учаскесінде құрылыс – монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №84А, №115 және №142 маршруттарының қозғалыс сызбалары уақытша өзгереді".
№84А
- Солтүстік бағытта: "SMOLL" супермаркеті соңғы аялдамасынан бастап – Орталық к. – Айналмалы к. – Жаңа Ғасыр к. – Қожабеков к. – Оңғарсынова к. – Мөңке би к. – әрі қарай сызба бойынша.
- Оңтүстік бағытта: "Мөңке би / Оңғарсынова" соңғы аялдамасынан бастап – Оңғарсынова к. – Қожабеков к. – Жаңа Ғасыр к. – Орталық к. – әрі қарай сызба бойынша.
№115
- Солтүстік бағытта: Оңғарсынова к. – "Наурыз к." соңғы аялдамасына дейін, оңтүстік бағытта кері бұрылу.
- Кері бағытта: "Наурыз к." соңғы аялдамасынан бастап – Оңғарсынова к. – әрі қарай сызба бойынша.
№142
- Солтүстік бағытта: Момышұлы к. – Мөңке би к. – Оңғарсынова к. – әрі қарай сызба бойынша.
- Кері бағытта: Оңғарсынова к. – Мөңке би к. – Момышұлы к. – әрі қарай сызба бойынша.
Бұған дейін Алматыда жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандырудың жаңа жүйесі сынақтан өткізілуде екенін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript