Ақтөбе облысында тұрғындарға бет-жүзді жасыратын киімге қатысты талаптар түсіндірілді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.04.2026 12:41 Фото: pexels
Ақтөбе облысында қоғамдық орындарда бетті толық жабатын киімдерді киюге тыйым салынуына байланысты полиция қызметкерлері профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр.

Полицейлер тұрғындармен кездесулер өткізіп, қолданыстағы заң талаптарын түсіндірді. Азаматтарға қоғамдық орындарда адамның жеке басын тануға кедергі келтіретін киімдер мен аксессуарларды киюге тыйым салынатыны айтылды.

Тиісті талаптар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде бекітілген. Бұл талап қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіп төнген жағдайда жедел әрекет ету үшін енгізілген.

Сонымен қатар хиджаб, шейла, химар, әл-амира сияқты бет-жүзді толық жаппайтын діни киім элементтері аталған талапқа жатпайтыны атап өтілді.

Бұдан бөлек, бұл тыйым ауа райы жағдайларына, медициналық көрсеткіштерге, заң талаптарын орындауға, қызметтік міндеттерді атқаруға, азаматтық қорғау саласындағы қызметке, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысу жағдайларына қолданылмайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: