Екібастұзда дәрігер мен медбике соққыға жығылды: Күдіктілер 12 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2026 13:18 Фото: pixabay
Екібастұз қаласында ауруханада дәрігер мен медбикеге шабуыл жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылғы 12 сәуір күні таңертең қалалық аурухананың травматология бөлімшесіне медициналық көмекке жүгінген ер адамды екі мас күйдегі танысы ертіп келген.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, еріп келген азаматтар өзін өрескел ұстап, дәрігердің ескертуіне агрессивті түрде жауап берген. Олар бөлімшеден шығудан бас тартып, дәрігерге күш қолданған. Жанжалды тоқтатуға тырысқан медбике де соққыға ұшырап, жарақат алған.

Зардап шеккен екі медицина қызметкері де түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олардың екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалса, біреуі арнайы палатаға орналастырылып, полицияның бақылауына алынған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция өкілдері 2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлерін қорғауға бағытталған заңнамалық өзгерістер күшіне енгенін еске салды. Соған сәйкес, дәрігерлерге, фельдшерлерге және жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасағандарға 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 380-3-бабын қолдануда.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: