Петропавл қаласында жағымсыз иіс тарап, ауа сапасы күрт нашарлады
Фото: unsplash
Экологтардың айтуынша, қала іргесінде орналасқан биотоғандағы мұз еріп, айналаға күкіртсутегі тарап жатыр.
Улы газдың мөлшері тиісті нормадан 10 есе асып кеткен. Нысан "Қызылжар су" коммуналдық мекемесіне тиесілі.
Шаһардың барлық ауданында қолқаны қабатын иіс сезіледі. Бұл – жыл сайын қайталанатын құбылыс. Биотоғанның ашылғанына 70 жылдан асқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Жағымсыз иістен арылу үшін сыйымдылығы 12 миллион текше метр нысан тазалануы тиіс. Осы мақсатта 5 жылға арналған жоба қабылданған болатын. Биотоғанға күкіртсутегі бөлетін бактерияларды жоятын "хлорелла" балдыры жіберілді. Алайда мәселе толық шешілмей келеді.
Қалада ауа сапасын бақылайтын 4 бекет жұмыс істеп тұр. Әр 20 минут сайын мәлімет жаңартылады. Құзырлы органдар мәселе бақылауда екенін айтып, алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.
"12 сәуірден бері ауа құрамындағы күкіртсутегі мөлшері 5 рет шамадан тыс көтерілді. Мамандар үздіксіз бақылау жүргізеді. Мәліметті тиісті органдарға жолдаймыз." меңгерушісі Оксана Гордиенко, "Қазгидромет" РМК СҚОФ зертхана
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript