Қарағандыда сауда орталықтарының бірінде ұрлық болды
Фото: Zakon.kz
Белгілі бутиктердің бірінен қымбат ноутбук ұрланған. Алдын ала мәлімет бойынша 29 жастағы дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 196 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлерінің қырағылы мен үйлесімді іс-әрекеттері күдіктінің ізіне түсіп, оны теміржол вокзалында қолға түсіруге мүмкіндік берді.
Анықталғандай, 24 жастағы елорда тұрғыны қашып үлгермек болған. Полицейлердің жедел іс-қимылының нәтижесінде ноутбук заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ күдіктінің бұған дейін жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript