Екібастұзда алкоголь өнімдерін заңсыз сату дерегі тоқтатылды
Фото: pexels
"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері алкоголь өнімдерін тыйым салынған уақытта сату қағидаларын бұзу дерегін анықтап, жолын кесті.
Аталған факті бойынша сауда нысанының иесіне қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың алдын алуға бағытталған.
Әкімшілік полиция бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Руслан Сүлейменовтің айтуынша, мұндай рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, заң талаптарының сақталуына бақылау күшейтіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript