Петропавлда ірі құрылыс нысанында қаражат жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізілуде

Стройка, строительство, строительство жилья, строительство дома, строительство домов, строительный объект, строительные работы, строители, рабочие, строитель, рабочий, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 09:17 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) жол өткелін салуға бөлінген қаражаттың жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, 2023 жылдың тамыз айында Петропавл қаласы әкімдігінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мен "БУКА" ЖШС арасында жалпы сомасы 5,4 млрд теңгені құрайтын автожол өткелін салу туралы келісімшарт жасалған.

Шартты орындау барысында мердігер ұйым тарапынан жұмыс кестесінен жүйелі түрде кешігуге жол берілген.

Тергеу амалдарына сай, мердігер ұйымның директоры тапсырыс беруші тараптың лауазымды тұлғаларымен сөзбайласа отырып, нақты орындалған жұмыс көлемі туралы жалған мәліметтер көрсетілген актілерді рәсімдеуді және қол қоюды ұйымдастырған.

Осы құжаттардың негізінде мердігер ұйымның шотына бюджет қаражаты негізсіз аударылған.

Заңсыз әрекеттердің салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам залал келтірілген.

Соттың санкциясымен жалпы құны 270 млн теңгеден асатын 24 автокөлік пен арнайы техникаға тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: