Мемлекет басшысы Тәжікстан президентімен кездесу өткізді

Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2026 19:41 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

"Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті. Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды". Ақорда

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан мен Перу арасындағы экстрадициялау туралы шартты ратификациялағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: