Жамбыл облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды

Тінту барысында олардан шетел азаматтарының фотосуреттері, төлқұжаттары, телефондар, банк карталары, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді., сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 14:53 Сурет: ҚР ІІМ
Тінту барысында олардан шетел азаматтарының фотосуреттері, төлқұжаттары, телефондар, банк карталары, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚК шекара қызметінің жедел бөлімшелерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Жамбыл облысы аумағында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды деген күдікпен Алматы облысы мен Меркі ауданының тұрғындарын ұстады.

Тінту барысында олардан шетел азаматтарының фотосуреттері, төлқұжаттары, телефондар, банк карталары, сондай-ақ 1 миллион теңгеден астам қаражат тәркіленді.

Сондай-ақ ұсталғандардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге жәрдем көрсеткен көрші елдің азаматтары анықталды.

Қылмыстық топ мүшелері алдын ала сөз байласу арқылы және өздерінің заңсыз әрекеттерін ауыл шаруашылығы жануарларын жаюмен бүркемелеп, шетел азаматтарын мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізуді ұйымдастырған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 394-бабының 2-бөлігімен (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: