Жансақтау бөлімінде: Теміртау қаласында ойын кезінде үш бала тоққа түсті

Пациенты в палате, палата, лечение, медицинское учреждение, больница, госпитализация, врач, доктор, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2026 17:10 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 22 сәуірде Теміртауда үш баланы электр тогы соқты. Қазіргі таңда олар жансақтау бөлімінен арнайы бөлімшеге ауыстырылып, дәрігерлердің бақылауында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға балалардың ойыны кезінде болған. Доп қоршаудың ар жағына, құрылыс алаңы жаққа түсіп кеткен. Оны алып шығуға тырысқан бір бала қоршаудан асқан сәтте тоққа түскен. Оған көмектеспек болған тағы екі бала да электр тогынан зардап шеккен.

Оқиғадан кейін тұрғындар аумақтағы жоғары кернеулі кабельді алып тастауды талап етіп отыр.

Қарағанды облысының полиция департаменті аталған дерекке байланысты "немқұрайдылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізіліп, тиісті медициналық көмек көрсетілуде.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Астанада зейнеткерге қатысты телефон алаяқтығының жолы кесілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: