ШҚО-да электросамокаттарды пайдалану тәртібі қайта қаралды
Фото: Zakon.kz
Кездесуді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Рифхат Тауфиков жүргізді. Оған жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының басшылары, Jet кикшеринг компаниясының және жедел жеткізу қызметтерінің өкілдері қатысты.
Сындарлы диалог барысында тараптар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол инфрақұрылымын жетілдіру және жеке мобильділік құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін жан-жақты талқылады.
Әсіресе осы бағытта бірлескен нақты шараларды енгізу қажеттігіне баса назар аударылды. Кездесу барысында 1 шілдеден бастап күшіне енетін заңнамалық өзгерістерге ерекше көңіл бөлінді. Атап айтқанда жалға берілетін электросамокат жүргізушілерін міндетті сақтандыру, оларды тіркеу нөмірлерімен есепке алу және техникалық жай-күйіне қатаң бақылау орнату талаптары енгізіледі.
Сонымен қатар полицейлер мопедтер мен электровелосипедтердің енді міндетті мемлекеттік тіркеуге жататынын жеткізді. Ал жүргізуші куәлігі жоқ тұлғаларға көлік құралдарын пайдалануға берген компанияларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылмақ.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арнайы жолақтар салу, сондай-ақ тұрақ орындарын ұйымдастыру бағытында нақты практикалық қадамдарды айқындады. Полиция жергілікті атқарушы органдар және бизнес өкілдері арасындағы тиімді өзара іс-қимыл ғана заманауи көлік түрлерін тұрғындар үшін қауіпсіз ете алатыны атап өтілді.