Қарағандыда көлік ішінен пышақталған әйелдің мәйіті табылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2026 19:43 Фото: unsplash
22 сәуір күні Қарағандыда жантүршігерлік қылмыс болды. Төлепов көшесінде автокөліктің салонынан 34 жастағы әйелдің пышақ жарақаттарымен мәйіті табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға қатысты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл факті бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері 2026 жылғы 24 сәуірде.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полицияның мәліметінше, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Бұған дейін Павлодар облысында ферроқорытпа зауытынан Ақсу қаласына қарай бірнеше шақырым жерден әйелдің мәйіті табылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: