Астанада абаттандыру қалай жүріп жатыр - әкім Тоқаевқа есеп берді

Астанада абаттандыру қалай жүріп жатыр - әкім Тоқаевқа есеп берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2026 13:13 Сурет: akorda.kz
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек 2026 жылғы 25 сәуірде мемлекет басшысына шаһарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру, сондай-ақ қолайлы және қауіпсіз қала қалыптастыру бағытында қолға алынған шаралар жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, биыл елордада 173 орынды (қоғамдық кеңістіктер мен аулалар) жаңғырту, 1,1 миллион түп жасыл желек, атап айтқанда, көшеттер, бұталар, гүлдер мен ағаштар егу жоспарланып отыр.

Негізгі жобалардың бірі – тұрғындар көп келетін "Самал" саябағы. Аталған аумақ отбасылық демалысқа, спортпен шұғылдануға және мәдени іс-шараларға ыңғайлы кеңістік ретінде жобалануда.

Бұған дейін Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясы аясында елордадағы саябақта ағаш отырғызғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: