Түркістанда қарызы бар көліктер анықталуда

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, сотрудник полиции, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 12:56 Фото: pexels
Түркістан облысында бейнебақылау камераларының көмегімен әкімшілік айыппұлы төленбеген көліктерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Мәселен, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Д. Қонаев көшесі бойында бейнебақылау камерасына түскен Hyundai Elantra автокөлігін тоқтатты.

Тексеру барысында көлік иесінің жалпы сомасы 432 мың теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұлды төлемегені белгілі болды.

Атап айтқанда, ол 6 рет жылдамдық режимін асырғаны және жол қозғалысы кезінде ұялы телефон пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылған. Автокөлік айыптұраққа қойылып, иесіне заң аясында тиісті шара қолданылды.

Сонымен қатар "Қорғау" бағдарламасы арқылы бейнекамераға түскен тағы бір көлік анықталды. Kia автокөлігігің иесінің шамамен 50 мың теңге көлемінде берешегі бары белгілі болды. Полиция қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарынан кейін жүргізуші қарызын толық өтеді.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларға әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеу қажеттігін ескертеді. Сондай-ақ жол жүру ережелерін қатаң сақтау – әрбір азаматтың өмірі мен қауіпсіздігінің кепілі екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: