Шымкентте қауіпті маневр жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізуші жазаланды

Полиция, задержание, арест, задержанный , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 22:39 Фото: Zakon.kz
Шымкентте қала көшесінде қауіпті маневрлер жасап, дрифт ұйымдастырған жүргізуші полиция тарапынан ұсталды. Сот шешімімен ол әкімшілік қамауға алынып, көлігі айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсерлі көрінгенімен, өте қауіпті маневрлер түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап, тұрғындардың наразылығын тудырды. Көпшілік бұл әрекетті "бос мақтан" деп бағалап, оның жаяу жүргіншілер мен басқа жүргізушілерге қауіп төндіргенін айтты.

"Бұл кино түсірілімі емес, Шымкенттегі бос мақтан. Не үшін керек? Жақында ғана рейдтер өтті ғой, сол кезде қайда болдыңдар?" – деп жазды желі қолданушылары.

Шымкент қаласы полиция департаменті мәліметінше, оқиға адамдар көп жүретін, көлік қозғалысы тығыз учаскелердің бірінде болған. Жүргізушінің әдейі жасаған күрт бұрылыстары мен сырғанауы жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін еді.

Полиция қызметкерлері көлікті тез анықтап, жүргізушіні ұстады.

"Сот шешімімен құқық бұзушы жауапкершілікке тартылып, әкімшілік қамауға алынды. Көлік айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады полиция 2026 жылғы 28 сәуірде.

Бұған дейін Қарағандыда жарты миллион теңгенің мопедін ұрлап кеткен жасөспірім ұсталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: