Түркістан облысында бейнебақылау камерасына түсіп қалған қылмыс "ізін суытпай" ашылды

Камеры видеонаблюдения, камера видеонаблюдения, видеонаблюдение, камеры Сергек, камера Сергек, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.04.2026 14:55 Фото: Zakon.kz
Анықталғандай, екі күдікті түнгі уақытта жеке тұрғын үй ауласына заңсыз кіріп, пластикалық терезені бұзып, сейфті алып шыққан.

Жәбірленушінің айтуынша, сейфтің ішінде 300 АҚШ доллары және шамамен 4 млн теңгеге бағаланған алтын әшекей бұйымдар болған.

Хабарлама келіп түскен сәттен бастап ұрлық қылмысын ашуға Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Кентау қалалық полиция бөлімімен бірлесіп кіріскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені ұйымдастырылып, оның аясында бейнебақылау камераларындағы жазбалар мұқият зерделенді. Криминалдық полиция қызметкерлерінің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдіктілердің жеке басы бір тәулік ішінде анықталды.

Олардың бірі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден ұсталса, екіншісі Астана қаласында анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Тергеу барысында күдіктілердің қылмысты оңай олжа табу мақсатында алдын ала жоспарлағаны белгілі болды. Олар ұрланған сейфті ашып, ішіндегі алтын бұйымдарды келесі күні ломбардқа өткізген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция бөтен мүлікті ұрлау – ауыр қылмыс екенін және ол міндетті түрде заңға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: