Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2026 16:30 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың 30 сәуірінде Швеция Королі XVI Карл Густавты 80 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресми ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі жариялады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Король XVI Карл Густавтың парасатты басшылығымен Швеция Еуропада және әлемдік аренада маңызды рөл атқаратын мемлекет мәртебесін сақтап келе жатқанын атап өтті.

Президент қос халық арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті жоғары бағалайтынын, сондай-ақ Швециямен сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға сенім артатынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король XVI Карл Густавтың ел игілігі жолындағы еңбегіне толайым табыс, ал достас Швеция халқына бақ-береке тіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: