Өскеменде зауыттағы жарылыстан кейін ғимараттың бір бөлігі құлады

Форма пожарных, пожарная форма, форма сотрудников пожарной службы, пожарная служба, пожарный, пожарные, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 09:05 Фото: Zakon.kz
Өскеменде зауыттардың бірінің аумағында 2026 жылғы 5 мамыр күні таңертең шаң-тозаңды ұстап тұратын құрылғыда жарылыс болып, артынша өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі опырылып құлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына алғашқы бөлімшелер жеткен кезде ашық жалынның болып жатқаны анықталған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Қазіргі уақытта жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.

"Оқиға орнында ТЖМ бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендердің бар-жоғын анықтау үшін барлау жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысындағы дәмханалардың бірінде ақаулы сорғыш құрылғы салдарынан өрт шыққан болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: