Өскемендегі жарылыс: қаза тапқандар бар

Пожар на складе, горящие склады, горящий склад, тушение склада, возгорание складских помещений, пожарный, пожарные, пожарная служба, тушение пожара, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 11:29 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемен қаласындағы зауытта болған жарылыс салдарынан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Ақпаратты "Қазцинк" компаниясы растады.

"Бүгін таңертең Өскемен металлургиялық алаңы аумағында штаттан тыс жағдай болды. Алдын ала мәлімет бойынша, түтінсорғышты тазалау жұмыстары кезінде жарылыс болып, артынша өрт шығып, құрылымдардың бір бөлігі опырылды. Оқиға нәтижесінде екі адам қаза тауып, бес адам жарақат алды. Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде", – делінген хабарламада.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу қорытындысы бойынша толық ақпарат жарияланатын болады.

Компания қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, оларға материалдық және психологиялық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, оқиғаның қоршаған ортаға әсері де тексерілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, шаңның жергілікті түрде таралуы тіркелгенімен, қауіпті заттардың шекті нормадан асуы анықталмаған.

Еске салайық, 2026 жылғы 5 мамыр күні таңертең Өскемендегі зауыттардың бірінде шаң жинау құрылғысы жарылып, өрт шығып, нысанның бір бөлігі опырылған болатын. Өрт 10:42-де толық сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: