Қарағанды облысында құлыптас қойылған ит-мысықтардың зираты қоғамда дау туғызды

Зират, Қарағанды облысы, Балқаш, ит, мысық, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2026 20:30 Сурет: видеодан алынды/КТК
Қарағанды облысында христиан моласының бір бөлігі ит-мысықтарды да жерлейтін қорымға айналған. Балқаш қаласы маңындағы қабірлерде көмілген үй жануарларының басына құлпытас та орнатылған. Алайда адам емес үй жануарларының бұл араға көмілуі заңсыз болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерекше зираттың видеосы желіге тарап, мұны қолдайтындар мен құптамайтындар өзара қызыл кеңірдек болып жатыр. Христиан зиратының бір бөлігіне тұрғындар өлген иті мен мысығын да жерлей бастаған. Тіпті, құлпытастар да орнатылған. Онда үй жануарларының суреті мен аты қашалып, өксікке толы қимас сөздер де жазылыпты. Ақтоғай ауданына қарасты аумаққа ит-мысықтың көмілуі — заңсыз дейді шенеуніктер. Мұнда екі бірдей заң бұзылып тұр екен: жерді заңсыз иемдену және өлген үй жануарын жою тәртібі.

"Құлпытастарда қабір қожайындарының мекенжайы жоқ. Енді итінің басына гүл шоғын әкелгендерді күтуге тура келеді. Ерекше зираттың көзін құрту да жоспарланған", деп хабарлайды КТК.

Бұған дейін СҚО-да полицейлер мал ұрлығымен айналысқан топты құрықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: