Ішкі істер министрлігінде Өскемендегі зауыттағы жарылысқа қатысты алдын ала нұсқалар айтылды
Сурет: ҚР ТЖМ
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 6 мамырда Мәжіліс кулуарында Өскемен қаласындағы зауытта болған жарылысқа байланысты екі негізгі нұсқа қарастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Бұл бап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Жедел-тергеу тобы тәжірибелі қызметкерлермен жасақталған, сондай-ақ 10-нан астам сот сараптамасы тағайындалды. Негізгі сараптаманың бірі – жарылысқа себеп болған жағдайды анықтау", – деді Санжар Әділов.
Оның айтуынша, негізгі нұсқалар ретінде технологиялық процестің бұзылуы және адам факторы, соның ішінде еңбек қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы қарастырылуда.
"Қазір уәкілетті мемлекеттік органдардың мамандары, Өнеркәсіп министрлігі және облыс әкімдігі жұмыс істеп жатыр. Комиссияның және кешенді сот-сараптаманың қорытындылары тергеуге бағыт беріп, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін айқындайды. Екі адамның қаза болуымен қатар, екі зардап шеккен азамат ауруханада жатыр, олардың бірінің жағдайы ауыр", – деді ол.
Еске салайық, 2026 жылғы 5 мамыр күні таңертең Өскемен қаласындағы бір зауыт аумағында шаң ұстағыш құрылғы жарылып, кейін өрт шығып, ішінара қирау болған. Өрт толықтай 10:42-де сөндірілді. Кейін екі адамның қаза тапқаны белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript